Арыстағы «Қазына LTD» ЖШС-і мыңға жуық ірі қара бағып отыр

Арыс қаласына баспасөз турымен барған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Ақдала ауыл округіндегі «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысымен де танысты. Аталмыш шаруашылық 2012 жылы жұмысын бастаған. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорынға «ҚазАгроҚаржы» арқылы 1,87 млрд. теңге жұмсалған. Сонымен қатар кәсіпкер жеке қаражаты есебінен 330 млн. теңгені айналымға салғанын да айта кеткн жөн. Ал, «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегілердің мәлімдеуінше, қазір мұнда 870 бас ірі қара бар екен. Қазіргі таңда мұндағылар әр сиырдан тәулігіне 21 литр сүт сауып алып жатқанын айтып жатыр. Оның үстіне жем мен шөптен де қиыншылық жоқ екен. Себебі, аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  өзіне тиесілі 3 мың гектар жері бар. Қазір сол 3 мыңның, 2 мың гектарына бидай, жүгері және жоңышқа егетін көрінеді. Сонымен қатар, «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіг бүгінде  жүзге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорында жұмысшылардың орташа айлық жалақысы — 70 мың теңгені құрайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*