Былтыр Бәйдібекте 80-ге жуық нысанының құрылысы жүргізілген

Бәйдібек ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша аудан облыста алдыңғы қатарда келеді.

«Өткен жылы аймақта 74 нысанның құрылысы жүргізілді. Былтыр 11519 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 106,5 пайызға артқан. 2018-2020 жылдар аралығында 10 елді мекенде медициналық тіректердің, 4 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік тірек құрылыстарын жүргізу көзделген», — деді Бақытбек Танагөзов.

Инфрақұрылым мәселесі бойынша аудандағы 52 елді мекеннің 34-інде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Ағымдағы жылы ауданның таза ауыз сумен қамтылу деңгейін 95 пайызға жеткізу межеленген. Сондай-ақ, 8 елді мекенде газ жүйесінің өтпелі құрылыстары ағымдағы жылы аяқталады. Табиғи газбен қамтамасыз ету үшін өзге 14 елді мекеннің сәулеттік-жоспарлау тапсырмалары әзірленуде.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, аймақта «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үш бағыты бойынша белгіленген межелер толығымен орындалған.

«Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балабақшалар саны 20-ға жетіп, қазіргі таңда аймақтағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 85,5 пайызды құрап отыр.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, ауданда ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен, өткен жылы бағдарламамен 57 жас көтерме жәрдемақымен қамтылса, 27-сі тұрғын үй алуға несие алған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*