Мақтааралда мал бордақылау ісі жолға қойылған

Түркістан облысындағы «Темірболат» шаруа қожалығы 50 бас бұқаны бордақылауда. Қожалықтың басшысы Темірболатов Рүстемнің айтуынша, өндірілген етті негізінен ішкі нарыққа сатады. Бүгінде мұндағы шаруалар ірі қараның ерекше тұқымын 3 ай бойы бордақылап, әрбір мал басынан орташа 300-350 келі ет өндіріп отыр.

Қазіргі таңда, Рүстем Темірболатовтың 4 гектар жері бар. Қауын өсіріп, өнімін шетелге экспорттаған ол қалдықсыз өнім шығару үшін мал бордақылау алаңын ашқан. Атап айтқанда, экспортқа жарамсыз, сұрыптаудан өтпеген қауындарды кебекпен араластырып, малдарын жеммен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, ол бұл кәсіппен бірнеше ауылдастары айналысып жатқанын атап өтті.

Аудан әкімі Б.Асановтың соңғы танысқан жобасы – «Саттар» шаруа қожалығы. 100 бас малға арналған бордақылау алаңы жаңадан салынған. Тіпті, алаң желдеткішке дейін жабдықталып, бордақыланып жатқан малдардың артық қимыл жасмауы үшін бар жағдай жасалған. Қожалықтың төрағасы Саттаров Ұзақбай қазірдің өзінде 60 бас ірі қараны бордақылауда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*