Түркістан облысында мал бордақылау алаңдарының саны артты

Түркістан облысының Шардара ауданында мал бордақылау алаңдарының қатары 160-тан асты, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл аудан шаруалары 6200 тонна ет өндіруді жоспарлап отыр. Бүгінге дейін оның 3 жарым мың тоннасы өндірілген. Ауданда жылына 500 бас ірі қара мал бордақылайтын шаруашылықтар да бар.

Шардара ауданы Алатау батыр ауылындағы шаруашылық жылына 500 бас қара мал бордақылайды. Жергілікті кәсіпкер 2011 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен несие алып, 50 басқа лайықталған бордақылау алаңын ашқан. Содан бері мал басын көбейтіп, қора-жайын кеңейтіп, шаруасын дөңгелетіп отыр. «Мұндағы ірі қараның барлығы Әулие көл тұқымы. Еті тығыз, салмағы ауыр болады», – дейді шаруалар.

– Өткен жылы келісі 285 теңгеден 300 бас қара мал өткіздік. Қазір бір жылға келетін болсақ, 500 бас бордақылап жатырмыз, жылқысымен қосқанда. Қорамызды тағы да үлкейтіп жатырмыз. Сайрам ауданындағы цехтарға өткіземіз, содан әрі кетеді, – дейді шаруа қожалығының басшысы Ержан Қарабаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*