Шардаралық шаруалар мал басын асылдандыруды мақсат тұтып отыр

Бүгінгі күні Түркістан облысы, Шардара ауданында жайылымдық жер көп емес. Сондықтан мұнда мал басын көбейткеннен гөрі асылдандырып, бордақылаған тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 160-тан аса шағын мал бордақылау алаңы жұмыс істейтінін айта кету қажет.

– Биыл Шардара аудан бойынша 163 шағын мал бордақылау алаңын ашу жоспарланған. Бүгінгі күні 164 бірлік мал бордақылау алаңы ашылып отыр. Биылдың өзінде ауданда 6200 тонна ет өндіру жоспарланып, бүгінгі күні 3324 тонна ет өндірілгенін айта кету керек. Өткен жылмен салыстырғанда 100,2 пайызды құрап отыр, – деді Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов.

Бүгінгі күні шардаралық шаруалар 41 мыңнан аса ірі қара, 8200 жылқы бағып отыр. Мұнан бөлек ауданда 200 мыңнан аса ұсақ мал, 2500 түйе және 40 мыңнан аса құс бар. Сонымен қатар, аудандағы 164 шаруашылықта 2 мыңнан аса ірі қара бордақыланып жатыр. Қазіргі кезде шаруалардың алындағы басты талап – ет экспортын ұлғайту.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*