Р.Сәрсембаева Түркістанда сервистік қызмет көрсету сапасын арттыруды ұсынды

Түркістан қаласына туристер көптеп келеді. Осы орайда рухани астана орталығындағы сервис мәселесін арнайы мамандармен оқыту арқылы дамытып, шешуді мақсат тұтады нәзік жандылар. Сонымен бірге, кәдесый жасау орталықтарын да көптеп ашып, жұмысты жолға қоюды Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева ханым ұсынады. Бүгінде өңірімізде бұл салада талантты азаматтардың жеткілікті екенін алға тартқан Раушан Сәрсембаева  олардың басын қосып, оқытып, ұйымдастыруда қауымдастық күшіне сенімді екенін айтып өтті. Әйелдер қауымдастығының түрлі салаларда тәжірибеге бай екенін айтқан іскер ханым Түркістан шаһарының сыртқы келбетіне де отбасы, ошақ қасының ұйытқысы бола білген әйелдер қауымының — нәзік жандылардың қуаты мен күшін жұмсауға ниеттенгені артықтық етпейтінін білдірді.
Жиынға қатысушы қыз-келіншектердің ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аталған жобаларды бірлесе әзірлеуге дайын екенін, алдағы уақытта түрлі жұмыстарды біріге атқаруда қолдайтынын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*