Рухани астанада «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубы ашылды

Түркістан қаласында ашылған «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубында түрлі тақырыптарда басқосулар, дөңгелек үстелдер мен ел руханиятына оң ықпал ететін жиындар өткізіліп тұрады. Еліміздің интеллектуалды тұлғалары клубтың отырысына арнайы шақыртылып, түрлі ойлары мен ұтымды ұсыныстарын ортаға салады. Бұл кездесулер телеарналар мен әлеуметтік желілерде арнайы бағдарлама ретінде көрсетіледі.

Қазақстандық және шетелдік БАҚ басшылары медиа орталықтың тұсауын кесіп, игі бастамаға сәттілік тіледі. Осындағы жас журналистермен және студенттермен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубының бірінші отырысы өтіп, алғашқы спикерлер ретінде облыс әкімі Ж. Түймебаев пен танымал публицистер Түркістанның дамуы жөніндегі ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, рухани астанамызда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылды. Салтанатты шараға елімізбен қатар Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикалары ақпарат құралдарының  жетекшілері мен өкілдері қатысты. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орталықтардың жұмысына сәттілік тілеп, бұл қадам Түркістанның Түркі әлемінің рухани әрі ақпараттық орталығына айналуына серпін беретінін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*