ТҮРКІСТАНҒА 2025 ЖЫЛЫ 5 МЛН. ТУРИСТ КЕЛЕДІ

Жыл соңына дейін Түркістан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 46 жоба мен 168 іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте мәлімдеді.

Аймақ басшысы өз сөзінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының барлық басым бағыттары бойынша атқарылған нақты жұмыстар мен жүзеге асырылған ауқымды жобаларға кеңінен тоқталды.

«Елбасы өз сөзінде Түркістан облысының құрылуы рухани жаңғырудың басты, құнды шешімдерінің бірі екеніне  тоқталып, Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру қажеттігі туралы нақты міндет қойды. Осы тапсырманы орындау мақсатында облыстағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштер бойынша 21 бағытта туристік маршруттар ашылды. Түркістан өңірімен мен Қазақстанның киелі жерлері картасына енген нысандар туралы бірнеше тілде арнайы роликтер және «Ontustik TourAudio» мобильді қосымшасы әзірленуде. Одан бөлек, киелі жерлер туралы ақпарат алудың қолжетімділігін, туризм саласының әлеуетін арттыру мақсатында туристердің жиі баратын 35 туристік нысанда QR-кодтар орнатылды. Кеше ғана тарихи шахарымызға миллионыншы турист аяқ басты. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырсақ, 57,2 пайызға өскенін аңғарамыз. Ал, алдағы межеміз, 2025 жылға қарай қаламызға келетін туристер санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*