Төлебиде 4 мектептің құрылысына 1 миллиардтан астам қаржы қаралған

Төлеби ауданында су нысандары бойынша 2018 жылы арна түзеу, жаға бекіту және тазалау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 200 млн теңге қаржы қарастырылып аудан бойынша 4 су тоғаны және 39 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Бюджет — қаржы саясаты Контингент жоспары 1 млрд 399 млн теңге болып, үстіміздегі жылдың 1 қазанына нақты 101,7 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде аудан бюджеті 2018 жылдың 7 айында 873,8 млн теңгеге жоспарланып 104 пайызға артығымен орындалды.

Білім саласы Облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысына 1 млрд 179,9 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 1 млрд 571,4 млн теңге болатын 5 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары дайын. Одан басқа, 2 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Жұмыспен қамту саласы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуларға барлығы 9 мамандық бойынша 195 азамат жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты аясында 32 азамат 131 млн. теңге шағын несие алса,Бағдарламаның үшінші бағытымен қамту бойынша 1283 адам тұрақты жұмысқа жолданып, оның ішінде бос жұмыс орындарына 1032 адам және жаңа жұмыс орындарына 270 адам орналасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*