Төлеби ауданының әкімі «Жас туристер станциясы» КММ-ның жұмысымен танысты

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапарымен Төлеби аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысып қайтты.
Төлеби аудандық «Жас туристер станциясы» өз жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 2013 жылғы 14 маусымдағы №228 бұйрығының негізінде, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережесін басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде жеке тұлғаның қабілеттерін ашып оны әрі қарай дамыту, дені сау, ұлттық сана сезімі жоғары, имани қасиеттері қалыптасқан, туризм-өлкетану бағытында шеберліктерін арттыратын жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында туристік-спорттық және өлкетану бағыттары бойынша жұмыс жасайды.
Туризм-өлкетану үйірмелеріне қатысатын жеткіншектердің болашақта жоғарғы оқу орындарының туризм факултеттеріне оқуға түсуіне мүмкіндігі артады. Туризммен айналысқан адам өндірістік альпинизмде инструктор болуға және өлкетанушы-экскурсовод болуға, кәсіби спортсмен, төтенше жағдайлар бөлімдерінде, сонымен қатар, арнайы дайындықтан өтетін тау мергендері, дене тәрбиесінің мұғалімі және спорт мектептерінде жаттықтырушы болып жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар.
Жас туристер станциясының директоры Е.Қуандықов жылдан жылға балалардың туризмге деген қызығушылығы артып келе жатқандығын айтып, мекеменің жұмыстарымен таныстырды.
Айта кетсек, Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай республикалық «ҚазақТуризм» АО-ның ұйымдастыруымен 2018 жыл 18.06-16.09 аралығында өткізілген «Қазақстанның 20 шыңы» атты іс-шараға 13 үйірмеші (қббп М.Лещенко, С.Адаев) қатысып 16 шыңды бағындырған.
2018 жылдың 09-12 тамыз күндері аралығында Төле би, Айтеке би, Қазыбек бидің есімдерін үш шыңға беру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық Альпинизм Федерациясының ұйымдастыруымен Сайрам су шатқалында өткізілген «Бұл біздің таулар» фестиваліне 15 оқушы (жетекшілері қббп М.Лещенко, С.Адаев, Ә.Әбіш) қатысқан.
2018 жылғы 15-18 тамыз күндері аралығында Бадам су қоймасы аумағында су техникасы бойынша «Ақ желкен» облыстық туристік жарысына 15 оқушы (жетекшілері қббп М.Лещенко, С.Адаев) қатысты. Жарыс ережесіне сәйкес үйірмешілер «Эстафета» қашықтығында 2-орын, «Слалом» қашықтығында 2-орын, жалпытоптық 1-орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінген.
Аудан басшысы Жас туристер станциясының жүргізіліп жатқан оқу әдісімен танысып, балалардың жағдайын көрді.

Төлеби аудны әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*