Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, Леңгір қаласындағы бірнеше нысанды аралап көрді

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қала әкімі Болат Әділбековпен бірге Леңгір қаласында орналасқан нысандармен танысты. Алдымен, аудан әкімі «Алатау» мөлтек ауданына тас төсеу жұмыстарымен танысудан бастады.

Ары қарай жұмыс сапарын ұн, кебек, бидай қалдығын өндіретін «Ақ Маржан- LTD» акционерлік қоғамымен танысумен жалғастырды. Қуаттылығы жылына 34320 тонна өнім шығарылатын мекеме басшысы Таубазаров Ержан Тұрсынұлының қарамағында 76 жұмысшы жұмыс жасайды.

Содан соң, аудан басшысы Жартыбаев Данияр басқаратын қалалық көмір-отын базасына жалғастырды. Мекемеде 6 адам тұрақты жұмыс жасайды, қажеттілігі болғанда қосымша жұмысшылар шақырылады. Жылдық қуаттылығы 40000-50000 тонна.

Мұнан кейін, аудан әкімі Төлеби ауданы, Аққұм ауылдық округі, Момынай елді мекенінде орналасқан, күніне 20000, жылына 2,0 млн дана күйдірілген кірпіш өндірілетін «Ленгер қыш» ЖШС-не жұмыс сапарын жалғастыры. Мұнда 40-45 адам жұмыспен қамтылған.

Содан соң, Шахта тоғыс елді мекеніндегі, №8 шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдермен жүздесіп, кішігірім жиналыс өткізді. Айта кетсек, бұл мектепте екі ауысымда 176 оқушы білім алады.

Аудан басшысы әрі қарай №5 «Бағлан» балабақшасына жұмыс сапарын жалғастырды. Меңгерушісі Айна Кунтуовамен балабақша бойынша тілдесіп, балалар жағдайымен танысты.

Содан соң, Шахта Тоғыс қосалқы көмекші мектеп интернатында оқитын балалардың күнделікті тұрмыс тіршілігін көрді. Бұл интернатта балалар бір мезгіл үй жануарларын бағумен айналысады.
Сондай ақ, балаларға арналып соғылып жатқан балалар алаңшасының жұмысымен танысты.

Аралау барысында аудан басшысы тұрғындардың өтініш тілектерін тыңдады. Көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп қала әкіміне тапсырмалар берді.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*