Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды

Күні кеше Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында орнатылған жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылды, деп хаарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа жылдың басты нышаны шыршаның шамын жағу рәсіміне үшінші мегаполистің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, барша қала тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мерекелік кеште 100 Аяз ата мен Қарша қыз және ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар, бойшаң қуыршақтар кішкентай көрермендердің көңілін көтерді. Сонымен қатар, келушілер «Кейіпкерлер шеруі», «Қызықтан қалма, қалқатай!» және «Достық пойызы» сахналық театрландырылған әуенді хореографиялық композициясын, «Қош келдің, Жаңа жыл» сахналық хореографиялық көрсетілімі мен «Шырқа, жасыл шырша маңында» атты концерттік бағдарламасын тамашалады. Мерекелік шараға 500-ге жуық өнерпаз қатысты.

Шымкенттегі жаңа жылдық шыршаның биіктігі 15 метрді құраса, салмағы 1 тоннаға жуық. Бас шыршаныбезендіру үшін 440 метр жарық шамдар, 240 дана алтын шарлар, 540 дана басқа да ойыншықтар  мен 3400 метр гирлянды жұмсалды.

Бұдан басқа, әкімшілік іскерлік орталығының алаңына да 15 метрлік шырша орнатылды. Ал, қаланың орталық көшелері 180 тақырыптық кіші сәулеттік мүсіндер мен 400-ден астам жаңа жылдың символы болатын түрлі жарық шамдар және 9 керме тартпамен безендірілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*