Шымкент қаласындағы ХҚО-дағы «Тілектер шыршасы» 22 баланың арманын орындады

Жаңа жыл қарсаңында бүлдіршіндердің тілек хаттары ілінген шырша Шымкенттің Мәделі қожа көшесі 16/1 мекенжайында орналасқан ХҚО-да орнатылды.  Корпорацияның Шымкенттегі филиалының директоры Бахыт Басымбектің айтуынша, «Тілектер шыршасы» – ХҚО-ға келуші азаматтарға толық емес және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қуаныш сыйлауға мүмкіндік беретін шара. «Балалардың қалауы әртүрлі. Хатта жазылған заттардың ішінде біз спорттық аяқ-киім, ата-анамен байланыста болуға мүмкіндік беретін ұялы телефон сияқты тілектерді көрдік. Әрине, тізімде конструктор ойыншықтар, көліктер мен қуыршақ сұраушылар көп», – дейді филиал директоры.

Бүгін 22 баланың барлық тілегі орындалып, ХҚО келушілері мен филиал қызметкерлері алған сыйлықтар арнайы мерекелік шара барысында табыс етілді. Аяз Ата мен Ақшақар мейрамның сәнін келтіріп, бүлдіршіндердің көңіл хошын көтерді. Сонымен қатар балалар үшін  қаланың үздік аниматорлары шақырылып, қызықты қойылымдар ұсынылды.

Мемлекеттік корпорацияның қайырымдылық шарасы Республика бойынша барлық қаланы қамтыды. Балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлайтын акцияны жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Шымкент қаласы бойынша филиалының

PR-менеджері Алтынай Татаева

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*