Қазығұрт ауданы Ақбура туристік сауықтыру орталығын электрмен жабдықтау бақылауда

Фото жеке мұрағаттан алынды.

2018 жылдың 20-ы желтоқсанындағы сағат 18:00-де «Еуразия1» және сағат 20:00-де «Қазақстан» телеарналарындағы нысан бойынша сыни материалына байланысты:
Нысан құрылысы 2012 жылы жүргізіліп пайдалануға қабылданған. Мердігер мекеме «Анкор-2» ЖШС болып табылады. Келісім шарт бойынша кепілдік мерзімі 3 жыл.
Электр жүйесінің ұзындығы 14,9 шақырымды құрайды. Қойылған жалпы бағаналар саны 229 дана. Сол бағаналардың 6-ы (нөмірлері 75,203,204,210,212,213) түбінен сынып, құлаған. 7-і (нөмірлері 181,182,190,222,223,229,230) түбі босап, қисайғандығы және тартылған электр желісі (сип кабель) үзілмей, іске жарамды екені анықталған.
Бұл бағаналар негізінен қыратты тау бөктерінде орналасқан. Осыған орай, қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты жоғарыда аталған кемшіліктерді жою үшін арнайы техника жүре алмауда.
Сонымен қатар, «Ақбура» әулие қасиетті орнына зияратшылардың жылдың жазғы мезгілінде көптеп келетіндігін ескере отырып, аудан әкімдігіне құлаған, қисайған электр бағаналарын 2019 жылдың I-жартысында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіндігі түсіндірілді. Жағдай тұрақты.

Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*