Елбасы Түркістан облысының әкімін қабылдады

Кездесуде Қазақстан Президентінің былтырғы желтоқсан айында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды «Күнгей.кз» ақпарат агенттігі Ақ орда сайтына  сілтеме жасап.

Облыс әкімі Елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар нысандардың, соның ішінде облыс әкімдігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер ғимараттарының, сондай-ақ 1 200 мың шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысының барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының іскерлік орталығын салудың және абаттандырудың қазіргі қарқынын сақтау қажет екенін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*