ОҚО-да интенсивті бау көлемі артып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысының ауа-райы егін шаруашылығына өте қолайлы. Сол себепті мұндағы дихандарда да ерте көктемнен жер ананы жыртып, тырмалап баптай бастайды. Бүгінде өңірміздің шарулары егін шаруашылығының жаңа түрін игеріп жатыр. Дихандар интенсивті бау шаруашылығын қарқынды дамыту жұмыстары қолға алынғаны белгілі.

Облыста жалпы жеміс-жидек ағаштары алқаптарының көлемі 19,5 мың гектарды құраса, оның екі мың гектары қарқынды баулар болып табылады. Өңір шаруалары осы жылы аймақта 1,5 мың гектар жерге қарқынды бау тәсілімен көшеттер отырғызып, интенсивті баулардың жалпы көлемін 3,5 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

         Жалпы, ауыл шаруашылығы саласы Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының негізгі бағыты. Осы жылдың қаңтар — наурыз айларына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 64,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9 миллиард теңге ге артты. Осылайша, республика бойынша ауыл шаруашылығында Оңтүстік Қазақстан облысының үлесі 18,2 % көтерілгенін айта кету керек. Осының арқасында өңіріміз республикада бұл көрсеткіш бойынша бірінші орынға шығып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*