ОҚО-да ауылшаруашылығын экономиканың драйверіне айналдыру көзделіп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, осы жылы өңірдегі егістік көлемі 792,5 мың ггектарға жеткізілгенін айту қажет. Ал, интенсивті бау аумағы ағымдағы жылы 1 500  гектарға ұлғайтылды. Сонымен бірге, 300 гектар жерге жаңғақ отырғызылып, 200 гектарға бадам бауларын отырғызу жоспарланып жатыр.

Мұнан өзге жылыжайлар алаңы 1 323 гектарды құрады. Сондай-ақ облысымызда 3 013 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары салынғаныда ұмытпаған абзал.

Осының арқысында өңірімізде ет өндірісі анағұрлымға ілгерілеп, Республикамыздың үлкен қалаларын белгілі бір деңгейде етпен қамтамасыз етіп жатқан жайымыз бар. Сүт өнімдерін шығаруда да оңтүстік кенде қалған жоқ. Қазіргі таңда, 722 бірлік жанұялық сүт фермалар құрылды. Жұмыртқа мен құс етін өндіруде де күнгейдің  қарқыны жаман емес. Күні бүгінге дейін 14 бірлік шағын құс фермалары ашылған. Сонымен қатар, 4 бірлік балық шаруашылықтары ашылады деген болжам бар. Түстіктің балықшылары өңірде тіпті, тек Африкада өсетін сом балықтарын да өсіріп жатқаны баршаңызға мәлім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*