Қырғыз банктері кредиттің үстемеақысын 12 пайыздан асырмайтын болды

Бұл жөнінде Қырғызстан үкіметінің Жоғарғы кеңес депутаттары алдында берген есебі барысында айтылды деп хабарлайды қырғыздың «HTC» телеарнасы.

Көрші елдегі ұлттық банктің төрағасы Толқынбек Абдығұловтың айтуынша, қырғыздың ұлттық банкі жыл басында кредиттік аукционнан 3 миллиард сом ұстаған. Бұл қаржыны екінші деңгейлі банктерге үлестіру барысында бір талап қойыпты. Яғни коммерциялық банктер қаржыны несиеге үлестірерде үстеме ақыны 12 пайыздан асырмауы тиіс.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*