Оңтүстіктен, солтүстікке тағы 37 отбасы көшіп барады

Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі жұмыс берушілер сәуір айында Шымкентте, Мақтарал, Сарыағаш секілді халық тығыз орналасқан аудандарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізгенін білесіздер. Соның нәтижесінде қазір 700-ге жуық отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдіріп отыр. Бүгін олардың алғашқы легі жолға шықты.

Солтүстік өңірлерге көшіп барған отбасыларға мемлекет қандай қолдау көрсетеді?
Ең алдымен көшіп барушы отбасының әр мүшесіне 80 мың теңге көлемінде субсидия береді. Баспанамен қамтиды, 1 жыл бойы коммуналдық төлемдерін төлеп береді. Жер беріп, шаруашылықты дөңгелетіп алып кету үшін жеңілдетілген несие ұсынады. Мамандығың болса жұмысқа орналастырады. Қысқасы, бар жағдайыңды жасайды.
Бүгін көшіп бара жатқан 37 отбасы Солтүстік Қазақстан облысының бес ауданына барып қоныстанбақ.

Олардың барлығы дерлік ауыл шаруашылығымен айналысуды көздейді. Ағабек Жаңабай бастаған ОҚО мәслихатының депуттары бірден іске кірісу үшін әр отбасыға 130-150 мың теңгеге көкөніс дақылдарының ұрығын алып беріпті.


Айта кетейік, Ағабек Жаңабай өткен жылы да азаматтық танытқан. Былтыр өз қаражатына 50 отбасыны солтүстікке көшіріп алып барып, баспанамен қамтыды. Жер, мал дейсіз бе, шаруашылықты жүргізуге керектінің барын алып берген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*