Кентау қаласының әкімі ардагерлерді үйлріне барып құттықтады

Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтап, өздігінен жүріп тұруы қиындаған ардагерлеріміздің шаңырақтарына барды.

Қала әкімі Қазақстан Республикасы Премьер министрі Бақытжан Сағынтаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың және қала әкімінің алғыс хаттарын беріп, мерекелік сыйлық жасады. Сонымен қатар қаржылай сыйлықтарда табысталды. Мұнан өзге майдангер ардагерлерімізге құрмет көрсету үшін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабайұлы, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбековтарда өздері әзірлеген сыйлықтарын табыстады.
Жалпы Кентау қаласында өткен жылы 21 ҰОС ардагерлері бар болатын. Дегенмен биыл соның 7-і ғана аман есен арамызда жүр. Бейбіт те, жарқын өмірді сыйлаған ардагерлеріміздің есімдері ешқашан ұмытылмайтыны айдан анық. Олардың ерліктері мен Отанға деген сүйіспеншіліктері мәңгі өскелең ұрпақ үшін үлгі аларлық өсиет болып қала берері хақ.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*