ОҚО-да жылына 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда

Қазірде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 87 214 адам пәтер алу кезегінде тұр. Олардың мәселесін шешу мақсатында біз жылына түрлі қаржы көздерін, оның ішінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизмын пайдалана отырып, жылына 1 миллионнан кем емес шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Оңтүстік өңірінде жүзеге асырылу жайын баяндаған кезде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев хабарлады.

Жыл басынан 176,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (республикадағы үлесі – 5,7%, 4 орында). Жалпы ағымдағы жылы бағдарлама аясында көлемі 700 мың шаршы метрді құрайтын 8 052 пәтер пайдалануға берілген.

Анықтама:

— Кредиттік тұрғын үй – жалпы ауданы 46,5 мың ш.м. құрайтын 734 пәтер;

— Арендалық тұрғын үй – жалпы ауданы 277,0 мың ш.м. құрайтын 4497 пәтер;

— Коммерциялық тұрғын үй – жалпы ауданы 67,0 мың ш.м. құрайтын 758 пәтер;

— Жеке тұрғын үй – жалпы ауданы 309,5 мың ш.м. құрайтын 2063 пәтер.

Облысымызда 172 мың адам жер телемі кезегінде тұр. 2021 жылға дейін 25 736 учаскі жеке тұрғын үй салуға инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамсыз етіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*