ОҚО-да 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында 500-ге ұсақ шаруашылық мүшелерінен құралған 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әкімдікте өткен мәжілісте мәлім етті. «Еліміздің Ауыл шаруашылығы, Әлеуметтік даму министрлігі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы «Үш жақты» индикативті көрсеткіштер жөнінде бекітілген іс-шаралар шеңберінде ағымдағы жылға тағы да 75 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бұл мақсатқа 6,8 млрд теңге қаражат бөлініп отыр», — деді Жансейіт Қансейітұлы. Өңір басшысының айтуынша,   фермерлерді несиелендіру үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2-ші бағытымен 3,2 млрд. теңге,  «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ 1,9 млрд.теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1,3 млрд.теңге бөлінетін болады.

Қазіргі таңда  кооперативтер жанындағы 2 сүт қабылдау, 2 мал сою бекеттері  285 млн. теңге қаржыландырылған.  Одан бөлек, 9 мал сою бекеті мен 12 сүт жинау бекетін құруға  757 млн. теңгеге құжаттар өткізіліп, комиссия қарауына өткізілген.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*