ОҚО-да халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы мен «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында ағымдағы  жылдың 6-9 маусымы аралығында Түркістан — Шымкент қалаларында өтетін «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінің ашылу салтанаты өтті.Мәдени шарада Оңтүстік Қазақстан облысы мəдениет басқармасының басшысы  Нұрболат Ахметжанов жəне ТҮРСОЙ ұйымының арнайы өкілі Елчин Гафарлы фестиваль қатысушылары мен кішкене көрермендерді Түркі елдеріне ортақ айтулы күнмен құттықтады.Фестивальдің салтанатты ашылу рəсімі С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасының қазақ халық ертегісі желісінде құрылған «Қаңбақ шал» қойылымына жалғасты.

«Ортеке» Халықаралық фестивалінің негізгі мақсаты – кәсіби қуыршақ өнерін көпшілікке таныту, аймақаралық ынтымақтастық пен кәсіби қуыршақ өнері саласындағы халықаралық мәдени байланысты нығайту, дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтап, ынталандыру, қуыршақ өнері актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлігі деңгейін арттыру, отандық қуыршақ өнерінің дамуына жағдай жасау болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*