Шымкент қаласында «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Қазығұрт ауданының күндері өтті

Шымкентте «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Қазығұрт ауданының күндері кешке дейін ұласып, ауданның мəдениет және руханият саласын қала халқына көрсету, насихаттау, аймақтың өзіндік ерекшелігін танытуға арналды.Осы орайда, Əл Фараби алаңындағы салтанатты ашылумен бастау алған мәдени шара  А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-əмбебап кітапханасында  «Оңтүстік- тарихымнан сыр» тақырыбындағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, тарихшы-шежіреші, Қазығұрт ауданының  тумасы  Момбек Әбдіәкімұлымен кездесу кеші, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында  Қазығұрт ауданының «Аналар асыл жандар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, журналист Жиенкүл Сәрсенмен «Өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбындағы ток-шоуымен жалғасын тапты.Аудан өнерпаздарының өнер тартуы облыстық әзіл-сықақ және сатира  театрында  Е.Жолдасовтың «Күйеуім болыңызшы» комедиясы мен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өткен  «Балауса» би тобының концерттік бағдарламасына ұласса, ұлттық салт-дəстүрді насихаттайтын əсерлі қойылымдар мен спорттық ойындар, ауданның барша тарихи құндылығын танытатын қол еңбегімен жасалған жəдігерлердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрме алаңында 70-тен аса киіз үй үлгісіндегі орынға тоқыма жəне  ағаштан жасалған  қолөнер заттары мен қылқалам шеберлерінің туындылары  орналастырылды.«Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестиваліне  Қазығұрт ауданының 200-ге жуық өнерпазы қатысып, мəдени шаралар Гала-концертпен қорытындыланды.
Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «ЭКСПО — 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан 2017 жыл — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай облыстық мəдениет басқармасы, облыстық мəдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған фестивальдің мақсаты —  аудан, қалалардың мәдени-рухани және басқа салаларының (спорт, ауыл шаруашылығы, индустрия, туризм, т.б.) жетістіктерін насихаттау болып табылады.
«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі 2017 жыл көлемінде әр жексенбі күні сайын өткізіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*