Созақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер Б.Пернебайдың ұйымдастыруымен «Мен әлемді кітап арқылы танимын» атты жастардың кешкілік уақытын тиімді пайдалануға арналған іс- шара болып өтті. Аталған іс- шара Сарыбаев Сабит, Сериков Сабит атты жас кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылған болатын.Шараға ауыл жастары жоғары деңгейде ат салысып, жастарға арналған түрлі ойындар ойнатылып, әр түрлі деңгейдегі, әр ұлттың ұлттық өнерлері көрсетіліп, жастардың шығармашылықтары шыңдалды. Ауылдағы мобильдік кітапхана тарапынан жастарға арналған кітаптардан көрме де ұйымдастырылған болатын. Мәдени шараға ауыл жастары белсенді түрде қатысты. Әсіресе Ергешбай Алмас, Жайсаңбай Қожаахмет, Анарбаева Гүлназ сынды ауылдың жалынды жастары өте жоғары деңгейде ат салысты айта кеткен жөн. «Мен әлемді кітап арқылы танимын» шарасының жалпы мақсаты жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ауыл жастарының татулығын, ынтымақтастығын арттыру, бос уақытын тиімді пайдаланып, әдебиетке баулу болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Созақ ауданына барды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Байділда Жылқышиев жұмыс сапарымен Созақ ауданында болды. Сапар барысында мәжіліс депутаты ауданның индустриалдық аймағында орналасқан «UKO-S-Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жұмысымен танысты.Қазіргі таңда уран өндірісі […]
Оңтүстікте тұсауы кесілген Елбасы туралы кітаптың мазмұны қандай?
Шымкентте тұсауы кесілген Ебласы жайлы «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітап үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыда «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте […]
Созақтық ардагерлер Астанаға аттанды
29 маусым күні таңертең аудан орталығы Шолаққорған ауылынан ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік дамуы мен өркендеуі, өрістеуі жолында елеулі еңбек еткен бір қатар еңбек ардагерлері Астана қаласына сапарға шықты. Олар «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астана қаласының көрікті жерлері […]
Пікір қалдыру