Арыс қаласындағы білім ошағына Ережепбай Молдабаевтың есімі берілді

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында еліміздің бас қаласы—Астанадан, Арысқа көптен күткен қуанышты хабар келді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сəуірдегі №360 қаулысымен Арыстың тумасы, Кеңес Одағының Батыры Ережепбай Молдабаевтың есімі Арыс қаласындағы Стадион тұрғын ауданындағы №1 орта мектепке беріліп отыр.Осыған орай, батырдың рухына құран бағышталып, өмірбаяны жазылған Ұлы Отан соғысындағы ерлік жолдары енгізілген автобиографиялық кітап жарық көрді. Бұған қоса жаңа туынды Ережепбай Молдабаев атындағы орта мектепте көпшілікке таныстырылып, қала және ауылдық округтердегі кітапханаларға таратылды.
«Бұл өте игілікті іс. Əсіресе жас жеткіншектерді отансүйгіштікке, патриотизмге тəрбиелеудегі маңызы зор бастама болды» десті үлкендер жағы.
Сонымен қатар, осы мақсатта «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» тақырыбындағы іс-шара аясында Кеңес Одағының Батыры Ережепбай Молдабаевтың бейітіне қаламыздағы жаны жомарт азамат Сейсенбек Сарыпбеков батырдың бейітін қоршап, басына көк тас қойып, рухына құран бағыштады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*