Оңтүстікте тұсауы кесілген Елбасы туралы кітаптың мазмұны қандай?

Шымкентте тұсауы кесілген Ебласы жайлы «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітап үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыда «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған.   Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте кездесулері сәтті суреттерімен  әңгімеге арқау болған. Ал үшінші бөлімде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға таяудағы оңтүстік өңіріне жасаған сәуірдегі сапары да енгізіліп отыр.«Жаһан таныған жеті тұлға» кітабының авторы Абай Ескендіров аталған туындыны 4 жылда жазып шыққанын айтады.  656 беттен тұратын туындыда тарихи тұлғалардың ел басқару үрдісіндегі ғибратты ғұмырлары әңгімеге арқау болған. Жер жаһанға аты мәлім жеті тұлғаның өз отандастарының да, жатжерліктердің де санасында серпіліс тудырған тағдырлары ешкімді бейжай қалдырмайды.«Кітаптың жалпы мазмұны -жаһан таныған жеті тұлға хақында. Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Унистон Черчилль, Мұстафа Кемаль, Шарль де Голль, Ли Куан Ю, Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлы жеті тұлғаның ерен еңбектері жан-жақты қамтылған»-, дейді кітап авторы Абай Ескермесұлы.

Шара барысында облыс əкім қос кітаптың жарыққа шығуына атсалысқан «Қазығұрт» баспасының директоры, ақын Темірғали Көпбаевты, «Тəуелсіздік, Тұлға, Тарих» құрастырушысы Асылбек Досалыны, «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабының авторы Абай Ескендіровке алғыс хатпен марапаттады. Шара соңы  театр фойесіндегі «Мәңгі жайнай бер, Астана!» тақырыбындағы кітап және фото көрмесіне жалғасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*