Кентаудағы «ЮгЭлектроПривод» зауыты алты айда 100 млн. теңгенің өнімін шығарды

Республикамызда моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласына бүгінде  ел үкіметі тарапынан және жергілікті биліктің қолдауымен қыруар қаржы бөлініп, қарқынды дамып келеді. Ондағы кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, бүгінгі таңда олар жеңілдетілген несие мен грантқа қол жеткізіп жатыр. Сонымен қатар, Кентау қаласында Индустриялды аймақ құрылған болатын.  Қазірде онда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылу үстінде.Осындай кәсіпорынның бірі өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жұмыстарының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосқан «ЮгЭлектроПривод» зауыты. Кәсіпорын осы жылдың алты айында 96,9 млн. теңге болатын 3264 дана трансформаторларға жабдықтаушы құрал-жабдықтар, айырғыштар, өшіргіштер  шығарып, өнімін шығарды. Кәсіпорында Қазақстан бойынша аналогы жоқ, трансформаторлар үшін жаңа өнім түрлерін (вакуумды ажыратқыштар) шығару өндірісі жолға қойылған. Зауыт құрылысына 828 млн.теңге инвестиция тартылып, қосымша 50 жұмыс орны ашылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*