Кентаулық 18 жас жастар корпусын дамыту жобасы аясында 1 миллион теңге грант ұтып алды

Қазақстанда алғаш рет қолға алынған «Жастар корпусын дамыту» жобасына Кентау қаласынан 18 жоба іріктеліп алынып, 1 млн. теңге грант ұтып алды. Жас проект жобасының А және С тобына өткен жастар 9 болса,  В тобына өткен жастар 9 азаматты құрады. А тобының қатысушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ өзінің кіші жобасын грант есебінен іске асыру, ментордың қолдауын алу мүмкіндігі беріледі. Ал, В тобының қатысушылары грант есебінен өзінің жеке  жобасын іске асыру мүмкіндігін алса, С тобының қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, ментордың қолдауын алу мүмкіндігіне ие болады. 

Кентау қаласынан грант иеленген жобалардың басым көпшілігі медициналық массаж және тренажер залы, құс фермасы, кондитерлік, мал шаруашылығы, ағылшын тілі клубы, шаштараз, тігін шеберханасы, ұлттық нақыштағы сөмке тігу мен брайн кітабы сынды жобалар болып келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*