«Жастар корпусын дамыту» грантын ұтып алған Кентаулық жастар өз жобаларын негізінен әлеуметтік салаларда жүзеге асырмақ

Кентау қаласынан «Жастар корпусын дамыту» грантын иеленген жобалардың басым көпшілігі медициналық массаж және тренажер залы. Сонымен қатар, құс фермасы, кондитерлік, мал шаруашылығы секілді ауылшарушылығы саласынан да жобалар бар. Мұнан бөлек, ағылшын тілі клубы, шаштараз, тігін шеберханасы, ұлттық нақыштағы сөмке тігу мен брайн кітабы сынды халыққа қызмет көрсету секторынан да бірнеше жобалар қосылып отыр. Грантқа қол жеткізген жобалар бойынша қатысушылар 5 ай көлемінде шәкіртақымен және қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етіледі.Жастарға мол мүмкіндік беретін бұл жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі бірлесе жүзеге асыруда. Мақсаты — жастарды әлеуметтендіру, әсіресе аз қамтылған халық тобын қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыра отырып, ынталандыру.

Аталған жоба Қазақстанның 4 өңірінде, яғни, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумақтарында екі жылдық пилоттық жоба аясында жүргізілетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*