ОҚО-да 6 айда бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 16 миллиардтан астам теңге өндірілген

Оңтүстік Қазақстано блысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлы, тілшілермен болған кездесуде, сондай-ақ, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жайында сөз етті. Яғни, камералдық бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында  бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 16 миллиард 386 миллион теңге өндірілгенін айта кеткен жөн. Мұны өткен 2016 жылдың 6 айымен салыстырсақ, 6 миллиард теңгеге көп деген сөз. Осынау жалпы түсімнен жергілікті бюджетке 4 млрд. 747 млн. тң. түсіп, жалпы түсімдердің 8 пайыздан астамын құрапты.Анықтама ретінде тарқатып айтсақ, салықтық тексеруден 5,7 млрд. тң., камералдық бақылау нәтижесінде 1,7 млрд. тң.,  кедендік құнды түзету нәтижесінде 3 млрд. 325 млн. тң., мәжбүрлеп өндіруден — 2 млрд. тң. және жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін, көлік құралдарын және т.б. түгендеу барысында – 3,6 млрд. тң қосымша кірістер анықталып, өндіріліп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*