ОҚО-да кедендік төлемдер мен салықтар 113 пайызға артқан

Оңтүстік Қазақстано блысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлының айтуынша, 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмыс қорытындысымен кедендік төлемдер мен салықтар өткен жылмен салыстырғанда 3,1 млрд. теңгеге артып, 113 пайызға өскенін жеткізді.Сонымен қатар, брифингте департамент басшысы  соңғы кезде жеке инвестициялар нарығында елімізде қаржы пирамидалары жандана бастағанына байланысты халықтың алдауға түспеуіне кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық-ақпарат құралдарын бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Мұнан бөлек, өңірде тауарлардың экспорты 37 млн. АҚШ долларына көбейгенін айта кеткен жөн. Осы орайда, экспорт бойынша облысымыздың жалпы экспортының негізгі серіктестері ретінде Нидерланды (39%) мен Өзбекстан (32%) мемлекеттері құрап отырғанын айтпай кетуге болмайды. 

Оңтүстік Қазақстано блысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының мәліметінше, өңірдегі тауарлар импорты 140 млн. АҚШ долларына немесе 34 пайызға көбейіп отыр екен. Бүгінгі таңда импорт бойынша облыстың негізгі серіктесі Қытай мен Өзбекстан мемлекеттері болып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*