ОҚО-да «Өрлеу» жобасы аясында 500-ге жуық адам өз кәсібін ашқан

Оңтүстік Қазақстан облысында шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемдеріне басымдық беріліп жатқанын айта кету керек. Бұл шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы жеке қосалқы шаруашылықты дамыту мен жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға жұмсалатын болады. «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қатарында 454 адам жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркеліп, өз ісін ашып отыр. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстармен танысып, қаныққан өңір басшысы «Өрлеу» жобасының халық арасында насихатталуына күш салып, шартты ақшалай көмекті еңбек пен кәсіпке бейімі бар азаматтарға беруді тапсырғанын айта кеткен жөн.«2015 жылы «Өрлеу» жобасы біздің облыста пилоттық жоба ретінде 4 аймақта яғни Арыс, Түлкібас, Сарыағаш, Төлеби аудандарында ендіріліп, 139 отбасыға 23,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек көрсетілді. Отбасы мүшелерінің еңбекке жарамды 167 адамы жұмыспен қамтылды.  2016 жылы «Өрлеу» жобасы облыстың барлық аудан, қалаларында ендіріліп, 1630 отбасыға 445,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалды», — дейді Мұхит Баймұханбетұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*