Оңтүстіктің полиглот жастары «ЭКСПО»-дан оралды

Таяуда ғана Оңтүстік Қазкақстан облысынан елордасы – Астанаға 100-ден астам ерікті   «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанған болатын. Олар көрмеге келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп,  Оңтүстікке қайта оралды.Айта кету керек, жас полиглоттар 35 күн бойы айтулы халықаралық шараға қатысып, шетелдік меймандарға көрменің жеке аймақ павильондарын таныстырып, мәртебелі шараға белсене атсалысып қайтты. Сонымен қатар, күнгейлік жас толқынның еңбегін елеген ұйыдастырушылар тарапы үш тілді жетік меңгерген жастарға зор құрметпен алғыс хат тапсырып, арнайы марапаттады.Мұндай қуанышты хабарды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, бұл игі бастама мәдени шараға қатысып қайтқандарды қанаттандырып қана қойған жоқ, тиісінше күнгейлік жастолқынның үш тілді меңгеруге деген құлшынысын арттырғаны ақиқат. Яғни, бұл арқылы Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасы да жүйелі жүзеге аспақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*