ОҚО әкімі Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы аумағындағы жол-құрылыс нысандарын аралап, бүгінгі ахуалымен танысты. Ең алдымен, аймақ басшысы облыс орталығы – Шымкентті Сайрам ауданының Ақсукент ауылымен және Түлкібас ауданын қосатын негізгі транспорттық жол торабы болып табылатын Жібек жолы көшесінің қайта құру жұмыстарын көрді. Пазиков көшесінен Кіші айналма жолына дейін, Арғынбеков көшесі қиылысының жол айрығымен бірге реттеліп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 7,8 шақырым. 2015 жылдан бері басталған осынау жұмыстарды аяқтау осы жылдың қараша айына жоспарланған.«Екі бағыттағы төрт жолақты жолдың ені бұрын 7,5-8 метрге дейін болса, бүгінгі таңда жол ені 15 метрге дейін кеңейтілді. Жұмыстар аяқталғанда аталған көшедегі көлік тығыны толықтай жойылып, Сайрам ауданы халқының қалаға келуін жеңілдететін болады. Ішкі көлік жолдарын дамыту экономикалық байланыстардың жақсаруына сеп болды.Сондықтан жол торабының бойын реттеу кезінде қала халқының жүріп, тұруына ыңғайлы болуы қажет. Ал,сала жетекшілері бөлінген қаржыны тиімді пайдалануы тиіс»-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*