ОҚО әкімі Шымкенттегі Төлеметов көшесін қайта құру жұмыстарымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп аталатын жол бөлігінің тиісті жұмыстары екі жыл басталған. Ұзындығы 4,4 шқ. болатын бөлікті барынша тез арада бітіруді айтқан әкім сапасын да естен шығармауды нұсқады. Төрт жолақты тас жолдардың бойында көп қабатты үйлер салынып, сәнді ағаштардың егілуі, аяқжолдардың да қарастырылуы керектігін ескерткен әкім Шымкентте шаһар атына сай құрылыстар болуы керектігін айтты.Өңір басшысы бастаған топ облыстық маңызы бар КХ-37 «Шымкент-Қызыләскер-Түйетас» автомобиль жолының 0-3,9 шақырым аралығын қайта құру бойынша атқарылған шаруаны да көрді. Өткен жылдан басталған жұмыстар осы жылы қарашаға дейін бітуі тиіс. Халыққа барынша ыңғайлы орта құру қажеттігіне назар аударған бірінші басшы күн суымай қолданысқа беруді тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*