Астанада оңтүстікқазақстандықтар ұйымдастырған көркемөнер көрмесіне көптеген жәдігерлер қойылды

Астанада  оңтүстікқазақстандықтар ұымдастырған «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі — Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесіне «Қол өнерім-өнегем атты бұрышта қазақ халқының этнографиялық коллекциялары, аяққаптар, қоржындар, шашақбаулар, басқұрлар, зергерлік бұйымдар, кәдесыйлықтар мен  ұлттық бұйымдар қойылса,  «Тарихи мәдени ескерткіштер» тақырыбында  Домалақ ана, Бәйдібек ата, Ысқақ баба, Баба Түкті шашты Әзіз кесенелерінің фотосуреттері мен макеттері,  VIII- IX ғ.ғ. қыш ыдыстары ілінді. Сондай-ақ көрмеде  «Қолөнер бұйымдарын сату бұрышы»,  «Көне кітап әлемі» — кітаптар бейнеленген фотосуреттер, көне кітаптар,  «Хандық дәуір» — хандық дәуірді көрсететін кескіндемелік картиналар, сауыт, қару-жарақ, Хан тағы, Тайқазан, Лауха тағы да басқа жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, көрмеге келушілерді әсіресе,   ұлы сазгер — Шәмші Қалдаяқовтың, күш атасы —  Қажымұқан Мұңайтпасұлының кескіндемелік фотосуреттері мен портреттері, олардың жеке қолданған заттары, медальдары, жарнама қағаздары таң-тамаша еткен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*