ОҚО-да «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында эксперттік талқылау өтті

2017 жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты мен ОҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің конференция залында «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында эксперттік талқылау өтті.

Эксперттік талқылауға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының эксперттері, облыстың зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл мамандары қатысты. Эксперттік талқылауда Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының «Әлеуметтік-саяси зерттеулер» бөлімінің жетекшісі, Ph.D Жолдыбалина Алуа Серікқызы латын әліпбиіне көшудің жолдары және әлемдік деңгейдегі латын әліпбиінің маңыздылығын нақты ғылыми айғақтармен айтып өтті.Сондай-ақ, латын әліпбиіне өткен мемлекеттердің тәжірибелерін көрсетіп, латын әліпбиіне өту жалпы орта есеппен 12-15 жыл уақыт талап ететіндігін және латын әліпбиіне көшу барысында қазақ тілінің үндестік заңдылықтарын сақтау қажеттігіне тоқталды.Ал, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт латын әліпбине көшу уақыттың талабы екендігін айтып, ұсынылған латын әліпбиіндегі 25 әріптерді ешқандай өзгерістерге ұшыратпай сол қалпында қалдыруды қолдайтындығын жеткізді.Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың филология факультетінің деканы Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы латын әліпбиіне көшудің қазіргі жастар үшін жаңа заманауи технологияны игерудің бірден-бір жолы екендігін айтты.М.Әуезов атындағы ОҚМУ-і жаратылыстану факультетінің 3 курс студенті Хамраев Алишер латын әліпбиіне көшуді жастар қолдайтындығын және Түркі тілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың нығаюына зор мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*