ОҚО-дағы керамика зауыты ел қажеттілігінің 50 пайызға жуығын толықтырады

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы керамика шығаратын «Зерде Керамика» зауыты Қазақстандағы керамикалық гранит өндіретін жалғыз зауыт болып табылады. Ол ел қажеттілігінің жалпы көлемінің 40%-ын толықтыратынын айта кету керек. Одан өзге, зауыт өнімдерінің бір бөлігін шекаралас елдерге экспорттап отыр. 2015 жылдан бері жұмыс істеп келетін кәсіпорын келер жылы Ақтөбе қаласынан жылына 5,5 млн шаршы метр керамикалық гранит шығаратын екінші зауыт ашпақ.

Сондай-ақ, кәсіпорын жыл соңында өндірістің екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге дейін жеткізуді жоспарлауда. Жоба импортты алмастыру бағытында жұмыс істейді. Мұнда экспорттың үлесі 30 пайыз болса, қалған 70 пайызы еліміздің өзге облыстарына жөнелтілуде. Өндірістегі итальяндық автоматтандырылған жүйе бар шаруаны – құрауыш шикізаттарды араластырып, дайын өнімді қаптауға дейін атқара алады. Ал техниканың қызметін 140 адам қадағалап отырады. Ал мұндағы шикізаттың 60 пайызы жергілікті болса, 40 пайызы шетелден тасымалданады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*