ОҚО-де келер жылы 18 мектеп пайдалануға беріледі

Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда 32 мектептің   құрылысы  жүргізілуде.  2016 жылдан өтпелі 19 мектепті ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланса, бүгінгі күнге  16 мектеп пайдалануға берілген.  Жыл соңына дейін 3 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 13 мектеп 2018 жылы ел игілігіне берілмек.  Республикалық бюджеттен 4 мектеп пен 1-мектеп-интернаттың құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады. Ал, облыстық бюджеттен 39 мектеп пен 3 колледждің  құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 8 мектеп пайдалануға беріліпті.       Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына қатысты  38 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Соның 5  нысаны  пайдалануға берілсе, 29 нысан жыл соңына дейін тапсырылады.  4 емхана құрылысы 2018 жылға өтпелі болып отыр.  Қалған 11 өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы  2018 жылы аяқталады.             

 Биыл мемлекеттік бюджет есебінен  21 инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 8 нысан пайдалануға тапсыру жоспарланса, 13 нысанның құрылысы  2018 жылға өтпелі. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 6 нысан пайдалануға тапсырылып, 1485 жеке жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.    

      Айта кетейік, 2017 жылы   басқарма тарапынан 47 нысанның  жобалау-сметалық құжат әзірленуде. Жалпы 47 жобаның 26-сы жаңа, 21-і 2016 жылдан өтпелі.  2017 жылға облыстық бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаржыға сәйкес, 20 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*