«Ордабасы» командасының жігіттері Отырарда доп теппек

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілетін жолдастық кездесу тамашауға шақырадымыз.


2017 жылдың 6 қазанында сағат — 16:00-де футболдан ел біріншілігінде облысымыздың намысын қорғап жүрген «Ордабасы» кәсіби футбол клубы Отырардың отты ұлдарымен жолдастық кездесу өткізеді.
Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округі Шәмші Қалдаяқов ауылындағы «Алпамыс батыр» спорт кешенінде өтетін ойынға ордабасылық Қайрат Әшірбеков, Алмат Бекбаев, Еркебұлан Тұңғышбаев, Мардан Төлебек, Бекзат Бейсенов, Темірлан Ерланов, Ұлар Жақсыбаев, Санат Жұмаханов, Фархадбек Ирисметов, Бақдәулет Қожабаев, Мұхтар Мұхтаров, Сергей Бойченко, Рамиль Нұрмахаметов, Таңат Нөсербаев, Азат Нұрғалиев, Самат Смаковтармен қатар, Ярослав Бондаренко, Никита Бочаров, Срджан Вуяклийа, Александр Гейнрих, Абдулай Диакате, Преслав Йорданов, Кирилл Ковальчук, Каньяс Энао Рохер, Петрак Оливер, Александр Симчевич, Пабло Эзекуэль Фонтанелло сынды легионерлер көк майсада доп теппек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*