ОҚО-да «ЕРКІНДІГІМ-ЕЛДІГІМ» республикалық ән байқауының баспасөз конференциясы өтті

Ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың республикалық «ЕРКІНДІГІМ – ЕЛДІГІМ» ән байқауы аясында баспасөз конференциясы өтті.Бұқаралық ақпарат өкілдерімен ақын-сазгер, драматур И.Сапарбай, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Н.Əділханов,қазылар алқасының төрағасы — композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Дүйсекеев Кеңес Дүйсекеұлы, қазылар алқасының мүшелері — әнші, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағалиев Сембек Қадірұлы, әнші, ҚР Мәдениет қайраткерлері Ахмұханова Айжан Рахымғалиқызы, Сейілбекова Үралхан Каналбайқызы, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының шеф-редакторы Атабек Мұхтар Орынтайұлы кездесіп, байқау бойынша пікір алмасты.
Алдынғы уақытта хабарлағанымыздай 2017 жылғы 5-6 қазан күндері Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Исраил Сапарбайдың 75 жасқа толу мерейтойына арналған «ЕРКІНДІГІМ – ЕЛДІГІМ» республикалық ән байқауы өткізілуде.
Байқаудың мақсаты — сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттау, дәріптеу, оның әндері арқылы елдің рухын биіктетіп, қазақ эстрадасының дарын иелерін анықтау және олардың орындау шеберліктерін арттыра отырып, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
Исраил Сапарбай 160-тан аса әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы.
Байқаудың құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Ұйымдастырушылар — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*