Мақтааралдық кәсіпкер ауылын гүлдендіруде

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Мақтаарал ауданындағы  Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі Бірлік елді мекеніне барып, кәсіпкер Абыз Алиповтың ауыл тұрғындарына салып берген нысандарымен танысты. Кәсіпкердің демеушілігімен ашылған спорт нысанының жақында ғана лентасы қиылған болатын. Мұнда Бірлік ауылының жастары бір уақытта спорттың көптеген түрімен шұғылданып жаттығуларына мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда жастар мұнда волейбол, баскетбол, футбол секілді спорт түрлеріне машығады. Спорт нысанында 150 адамдық көрермендер орнымен киім ауыстыру бөлмелерімен жабдықталған.  Ғимаратты салуға кәсіпкер 10 миллион теңге жұмсаған. Өз сөзінде кәсіпкер келешекте су спорты кешенін салынатындығын да атап өтті. Сонымен қатар, ісмер азамат А.Алипов ауылдағы жағдайы төмен отбасыға нөлден бастап 5 миллион теңгелік жаңа баспана салып берген. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын арқау еткен кәсіпкер аз уақыттың ішінде «Бірлік» ауылының кіреберісіне қақпа да тұрғызып беріпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*