Арыстықтар «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын атап өтті

Оңтүстіктегі тоғыз жолдың торабы саналатын Арыста «Рухани жаңғыру» аясында шығармашылық байқауы өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өткен болатын.Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласында «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин шығармаларын оқып-білу, оларды кейінгі буын ұрпаққа насихаттау мақсатында «Азаттықты аңсаған-арыстарым ардақты» тақырыбында облыстық шығармашылық байқауға іріктеу өтті. Байқаудың мақсаты – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Алаш» қозғалысы мүшелерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, еліне, жеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу болып табылады.

Кітап сүйер 118 оқырман қатысқан сайыста, әділқазылардың шешімімен І-орынды Абай мектеп-интернатының оқушысы Әбдіраш Гүлназ, ІІ-орынды Ә.Жангелдин мектебінің оқушысы Қалыбай Салтанат, ІІІ-орынды Ж.Тәшенов мектебінің оқушысы Сұлтан Оразкүл иеленіп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаз иелері қазан айының екінші он күндігінде өтетін облыстық деңгейде өтетін байқауғ ажолдама алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*