Отырарлықтар ер Төлегенді еске алды

Отырар ауданында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, КСРО-ның еңбек озаты Төлеген Омаровты еске түсіруге арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа 2004-2005 және 2006-2007 жылы туылған балғын боксшылар қатысты.Жарысты қорытындылау салтанатында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов жарысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтап, бұқаралық спортты дамыту мәселесі –ұлт саулығының кепілі екендігін тілге тиек етіп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз», -деген болатын деп өз сөзін түйіндеді.
Сондай-ақ шара барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді естелік медальдармен және арнайы Алғыс хаттармен марапаттаған аудан әкімі өз салмақ дәрежелері бойынша үздік деп танылған бірнеше балғын боксшыны арнайы кубоктар табыстады.
Төлеген Омаровтың қызы жарыстың бас демеушісі Бақытгүл Омарова жарыста әділ төрелік еткен төрешілерге қаржылай марапаттар көрсетті.
Бес күнге созылған жарысқа облысымыздың аудан, қалаларынан 13 команда және Алматы қаласымен көршілес Қызылорда облысынан бір-бір команда қатысып, жалпы саны 180 спортшы өзара бақ сынасты.
Қызығы мен шыжығы мол күрзі жұдырықтылар бәсекесінде отырарлықтар жалпыкомандалық есепте оқ бойы озық шықты. Үздік өнерімен көзге түскен 30 кг дәрежесінде Төлеген Азамат, 36 кг дәрежесінде Базарбай Асхат, 48 кг дәрежесінде Есіркеп Ерасылдар жеңімпаз атанса, тағы 6 боксшымыз жүлдегерлер қатарынан табылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*