Түркістандық диқандар лимон өсіреді

Түркістан қаласына қарасты Иассы ауылдық округiндегі “Қанжiгiт” шаруа  қожалығының жылыжайында лимон өсiп жатыр. Цитрутсы көшеттерді шаруалар 2015 жылдың желтоқсан айында егкен екен.

«Лимон 40-60 жыл өмiр сүретін өсімдік. Алғашқы жемiсiн 2 немесе 3 жылда бередi. Өйткенi бұл баяу өседі. Сондықтан лимон өсіруде асқан шыдамдылық қажет. Кейде осындай күтіммен банан, киви сияқты тропикалық жемiстердi де жүрексінбей жылыжайларда өсiруге болатын сияқты», — дейді “Қанжiгiт” шаруа қожалығының өкілі Б.Момынов.

Ол лимон көшеттерiне күтiм жасауды жақсы меңгеріп алған. Себебі, арнайы курстан дәрiс алған агроном 3 гектар жерге егілген лимон ағашынан алдағы уақытта мол өнiм алуды жоспарлап отыр.

“Қанжiгiт” шаруа қожалығы жылыжай кәсібін бастағанына бес жылдан асқанын айта кеткен жөн.  Алғашында 3 гектар жерге қызанақ пен қияр егіп отырған шаруа қожалығы жылыжай аумағын кеңейтiп, өнiм түрлерiн көбейпек ниетте. Бүгiнде мұнда 30-ға жуық ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*