Шымкентте «Сити-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асфальт, бетон зауыты іске қосылды. Жобаның құны 350-360 миллион теңге ге бағаланып отыр. Өндіріс орнының іргетасы 2015 жылы қаланып, осы жылдың қыркүйек, қазан айларында толық қуаттылығына шығып, өнім өндіре бастаған. Қазіргі таңда, зауыт бір сағатта 100 тонна асфальт пен 60 куб бетон шығара алады. Зауыттың заманауи құрылғыларын Түркиядан алдырыпты.«Қазір шетелден әкелінген жабдықтарда жергілікті тұрғындар жұмыс істеп жатыр. Әзірге бір кезеңмен жұмыс істеп отырмыз. 5 адамды жұмысқа қабылдадық. Ал, асфальттің 4-5 түрін шығарудамыз. Заманауи құрал жабдықтардың арқасында өндіріс кезінде экологияға зиян келтірмейміз» дейді зауыт директоры Фахриддин Ахметов.Иә, қазірде зауыт «Сити-Строй» компаниясы облысымызда салып жатқан құрылыс нысандарын асфальт, бетонмен қамтамасыз етіп отыр. Болашақта, өндірілген өнімді сатуға шығаруды да жоспарлауда. Сонымен қатар, өндіріс орнына жеткізілетін шикі заттар да өзімізден алынады. Мәселен, асфальтке қосылатын битумды Төлеби ауданынан жеткізсе, оған қосылатын тастар компанияға қарасты карьерден әкелінеді.
Ұқсас жаңалықтар
ӘКІМНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтіп жатыр. Қала тұрғындарын қабылдау күнінде 200-ге жуық азамат өтініш білдірген. Қабылдауда көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үй, жер телімін заңдастыру, жұмысқа орналасу, білім […]
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 64 КӨШЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау […]
ОҚО-да «Ескі қалашық» пен «Арбат» жобасы жүзеге асады
Шымкент қаласында алдағы жылы жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» жобасы мен ескі қалашық кешені жүзеге асырылатын болады. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім […]
Пікір қалдыру