Розақұл Халмұрадов, Елбасының латын әліпбиіне көшу жайлы Жарлығын қолдау хатын жолдады

 ІV, V шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов Елбасының латын әліпбиіне көшу жайлы Жарлығын қолдау хатын жолдады.

Онда: «Ғаламдық бәсеке-жарыстың тәуекелділігін дұрыс пайымдап, қазақ тілін латын графикасына өткізу жөнінде тарихи шешім қабылдадыңыз. Бұл байтақ Қазақстан үшін тағдыршешті қадам болды. Біз әліпбиді ғана емес, қоғамдық сананы, жалпыға ортақ ойлау жүйесін трансформациялау бойынша шешім қабылдадық» делінген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына облысымыздағы бірқатар этно мәдени бірлестіктердің де басшылары қолдау хатын жолдады. Аталған хатта  облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы З. Бочоришвили, корей этоно мәдени орталығының төрайымы Р. Пак, татар-башқұрт бірлестігінің басшысы А. Мухамедова, грек этно мәдени бірлестігінің жетекшісі Д. Сидиропуло, иран этно мәдени бірлестігінің төарағасы Н. Капар-Пур, күрді этно мәдени бірлестігінің басшысы А. Надиров, ұйғыр этно бірлестігінің жетекшісі Г. Темирова, тәжік этно мәдени орталығының басшысы Ю.Султанов, неміс этно бірлестігінің жетекшісі И. Бахман, түрік этно мәдени орталығының басшысы Л. Асановтардың қолы қойылған.         

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*