ОҚО-да әлеуметтік сауда орталықтары ашылады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев селекторлық режимде өткен аппараттық жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашуды аудан, қала әкімдеріне тапсырды.«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында өңірде бір ай көлемінде әлеуметтік базарлар ашуымыз қажет. Ол үшін Шымкенттен 1-1,5 гектар жер қаралып, талапқа сай жасақталуын, ал ірі аудандар 70 соттық, кіші аудандар 50 соттық жер бөліп аз уақыттың ішінде тауар өндірушілерге өз өнімдерін сатуға мүмкіндік жасалу керек»,-деді әкім. Сонымен қатар, аймақ басшысы әлеуметтік  базарларда өнімдер ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне бәсекелесетіндіктен  және  тауар өндірушілермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы өнім бағасын төмендетуге мүмкіндік туатынын атап өтті.

Мәжілісте сөз алған облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Жұмашбеков жалпы обыста әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағаларының күрт өсімі орын алмағанын және тауарларға жетіспеушік байқалмайтынын мәлім етті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*