Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Жұмашбековтың айтуынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс аумағындағы сауда орындарының басшыларымен бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесін өткізу арқылы баға тұрақтылығы сақталуда. Мәселен, жыл басынан бері өңірде 77 жәрмеңке өткізілген болса, онда жалпы соммасы 639,3 млн. теңге болатын 842,1 тонна азық-түлік таруарлары сатылған. Яғни, жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкедегі тікелей сатылымының есебінен бағалар нарықтағыдан төмен болған. Бұдан бөлек, ол ӘКК тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша жалпы соммасы 752,3 млн теңгені құрайтын фьючерлік/форвардтық келісім шарттарға қол қойылғанын жеткізді.Айта кетейік, бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында – 1 мың тонна қант, 2 мың тонна картоп, 1 мың тонна пияз, сәбіз 1 200 тонна, күріш 70 тонна, ал сиыр еті 200 және 30 тонна макарон өнімдері бар. Мұнан бөлек, қоймада өткен жылы алынған тауарлардан қалған 2500 тонна ұн, 1 244 тонна қант және 69,1 тонна күріш сақталуда. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі азық-түлік бағаларының өсуі халықты алаңдататын ең маңызды мәселе екенін айтып, әрбір аудан, қала әкімдеріне тұрғындардың күнделікті тұтынатын тауар бағаларының өсуіне жол бермеуді нықтап тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Ұлттық спорттың ләңгі тебу мен асық ату ойындарынан турнир өтті
Ұлттық спорт түрлері асық ату мен ләңгі тебуден Оңтүстік Қазақстан облысының біріншілігі басталды. Асық ойнамаған бала жоқ шығар. Ләңгі теппегенде кемде-кем. Сондықтанда ойын аса тартысты өтуде. Ләңгі тебуде ең мықты қатысушы 42-ұпай алса,жарыстан тыс қатысқан […]
«ONtoi жұлдыздары» атты облыстық байқауына қатысып, 500 мың теңге ұтып ал!
Той мәдениетін қалыптастыруға арналған әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар бойынша «ONtoi жұлдыздары» атты облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ Осы ереже облыстық «ONtoi жұлдыздары» байқауының (әрі қарай — байқау) ұйымдастырылуы мен өткізілуін анықтайды. Байқаудың мақсаты: 1.1. Елбасының «Болашаққа […]
ОҚО-дағы 72 аса биік ғимарат толық тексеруден өтті
ОңтүстікҚазақстаноблысыбойынша 72 асабиіккөпқабаттығимаратесепкеалынған. Оның 54-і Шымкент қаласына тиесілі. Солардың бірқатарында қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Избасаров мәлім етті. Басқарма тарапынан ғимараттардың төтенше […]
Пікір қалдыру